Әйгілі "Есіл ағады" әнінің авторы өмірден озды
Қазақ мәдениеті тағы бір тарланынан айырылды. Жаңа ғана "Тамшылар ", "Есіл ағады ", т. б. көптеген халықтың сүйікті әндерінің авторы, композитор Ахмедия Есмұханов мәңгілік сапарына аттанды.
Бұл туралы Әлихан Бәйменов өзінің фейсбуктағы парақшасында жазды.
Ахаң өзінің сұлу сазды әндерімен тұтас бір ұрпақтың жүрегін сұлулыққа тәнті етіп , үйлесімдікке тәрбиеледі, қазақ музыкасы тарихында өшпес із , мол мұра қалдырды. Ардақты аға досымыздың жарқын бейнесін ,аңқылдаған ақ көңілі мен жарасымды сыпайы әзілін енді тек сағынышпен еске алатын болдық. Көкіректері қарыс айрылып, жүректері қан жылап , бауырлары езіліп отырған жан жары Сәлимаға, ұлы Медет пен қызы Динараға, Болат ағамыз бен Мара жеңгемізге, барша жақындарына қайғыларына ортақтаса көңіл айтамын. Асыл аға, адал досымыздың жаны жәннатта , иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа, арты қайырлы болсын! - деп жазды Әлихан Бәйменов.