Танымал әнші Айгерім Қалаубаеваның басы дауға қалды. Себебі оның парақшасында соңғы кезде "Нұрлан Әлімжанның отбасын ойрандадыңыз, үш баласымен ажырастырып алдыңыз" деген айыптаулар жиі жазылатын болған деп хабарлайды NUR.KZ.
Қалың оқырман қауымы бұл сөздердің шынайылығына сене алмай, әншілердің отбасылары үшін алаңдап кетіп еді.
Айгерім Қалаубаева өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында қауесеттің ақ-қарасын ажыратып берді. Әнші сондай-ақ, Нұрлан мен өзінің атына келетін қаралауларды тоқтатуын сұрады.