Отандық блогер Ержан Рашев өзінің Instagram парақшасына сурет жүктеп оқырмандарын қатты ашуландырып қойды. Танымал тұлға фотода әйелінің аяғын сүйіп тұрған. Көпшілік ер адамның әрекетін қазақ жігітіне сай емес екенін жарыса айтты деп жазады NUR.KZ.
Ержан Рашевтің әйелінің табанын сүйіп тұрған фотосы ел арасында қызу талқыға түсіп, жүздеген кері пікірге ие болды.
Оқырмандар блогердің қылығын ерсі санап, оған әрекетінің қате болғанын түсіндіруге талпынды.
"Ананың табанын сүю керек деп жатушы еді. Бұл болса әйелінің аяғын сүйіп әлек", "Фу енді ешкім сізбен беттен сүйіп амандаспайды", "Қазақ жігіттері намысшыл еді", "Масқара енді жетпегені осы еді, намыс пен ұят қайда?", "Ата-анасы қайда қарап отыр", "Аяғынан иіс шығатын шығар", "Гигиенаға сай емес, жиіркенішті", "Көңілім қалды сізден", "Сіздің жазбалрыңызды оқып жүрген мен жынды екенмін. Енді жазлмаймын сізге" , - деп жазуда көпшілік.
Отандық блогердің жазбасын мүлт жібермей қарайтын оқырмандар енді одан теріс айналуда.