Жақында арабтар мен парсылар әйел тәрбиесіне қатысты «Исламдағы әйел» атты кітап шығарыпты. Кітаптың мазмұны әйел тәрбиесіне бағытталуымен қатар, онда әйелді қалай және қандай затпен сабау керектігі де қамтылыпты. Кітап авторы Мұхамед Камаль Мұстафа әйелдерді жіңішке шыбықпен ұруға «кеңес береді».
Оның пайымдауынша, тәнімен қоса жаны да жараланған әйел еріне бойсұнудың талаптарын әсте естен шығармай, тәрбиелене түспек. Ол сондай-ақ, әйелдердің ішінен, төсінен, басынан, бетінен ұру керектігіне баса назар аударған. Дегенмен, оның бұл ұсынысы әйел тәрбиесімен айналысып жүрген көпшілікке ұнаңқырамай отыр. Солардың бірі Отбасы қатынасы жөніндегі сарапшы, доктор Гази Аль-Шимари әйелдің бетінен ұруға мүлдем болмайтынын айтуда. Сабаған күннің өзінде соққылар жұмсақ әрі жәй болуы керек екен. Ал мына қызықты қараңыз, «әйелтанушылардың» пікірінше, күйеуі әйелін соққыға жықпас бұрын оған қайтіп ұратынын және қанша соққы беретінін ескертуі тиіс. Сарапшылар алғашында шыбықтың орнына кәнігі тіс щеткасын, кейінірек шыны ыдыстарды, пышақты ұсынып, тіпті ішінде суы бар шөлмекті пайдаланған әлдеқайда тиімді депті. Аталған кітапта әйелді қандай жағдайда ұру керектігі да назардан тыс қалмаған. Дегенмен, Ислам ғалымдары бұнымен келіспейтіндіктерін айтуда. Себебі әйелді ұру шариғат шарттарына сай келмейді, әйел тек құрметке лайық деп отыр.
«Әйел — қабырғаң» деген тәмсіл айтқан ғұламаларымыз «оны түзеймін деп, сындырып алудан» сақтандырып та кеткені мәлім. Әйел теңдігі орнаған қоғамымызда ер-азаматтарымыз бұндай өрескелдікке бара қоймас. Әрине, әр елдің салты басқа, «әйелді — бастан» деп, қас-қабақпен бәрін өз орнына қоя білген қазақ бұдан үлгі ала қоймас...
www.kazakzaman.k