Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым
Бұл туралы "Қарақатпен шай" бағдарламасында айтылды.
Бүгінде дінге бет бұрған талантты әнші өзінің екінші некесі жайлы ашық айтты. Айтуынша, әйелімен шариғат бойынша 3 рет қана кездесіп үйленген. Жарына о баста қатты ғашық болмаса да, ұната бастағанын айтады.
"Екінші жарды Шымкент пен осы қаланың айналасынан іздедім. Менің тәрбиеме көнетін, күйеуінің есімін атамайтын, тәрбие көрген қыз іздедім. Әйелі әлі күнге дейін менің есімімді атаған емес. Менің өнеріме қатысты сұрақ қойған емес. Қайда, не істеп жүрсің деп те мазаламайды. Отбасыма демалу үшін келемін. Әйелімді осы қасиеті үшін жақсы көре бастадым", - дейді әнші.
Әншінің айтуынша, жары көзге түсуді өзі қаламайды екен. Бүгінде екеуі үш қыз тәрбиелеп отыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу