Аян Өтепберген мен Гүлназ Жоланованың әрекеті қызу талқыға түсті (видео)
Қазақстандық танымал актерлар Аян Өтепберген мен Гүлназ Жоланова елдің қызу талқысына қалды. Желі қолданушылары қос жұлдыздың кездесіп жүргендерін болжап жазуда. Оған әртістердің желіде тарап кеткен видеосы себеп болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Аян Өтепберген мен Гүлназ Жоланова белгілі журналист Нұржан Еркінұлының видеосына түсіп қалған. Өнер иелері "91" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевтың жеке бейнебаянының тұсаукесеріне келген.
Желіде тарап кеткен бейнежазбада Аян Өтепбергеннің Гүлназ Жоланованың бетінен сүйіп алғанын көруге болады. Бұл актриса үшін күтпеген жағдай болғаны анық. Ол әріптесінің әрекетіне қатты таңғалып қалғанын жасырмады.
Оқырмандар бірден екі жұлдызды өзара қосып, олардың арасында сезім бар екенін болжап жазуда.
"Әдемі жарасады", "Жарасымды жұп", "Екеуінің кездесіп жүргені рас па?!", "Ғашықтар", "Достар шығар", "Екеуі ерекше жарасады", "Аян үйленбеген ба?!", "Гүлназ да күйеуге тиген еді ғой", "Өте әдемі жұп", "Отандық кино саласындағы ең жарасымды жұп деп осыларды айтар едім", - деп жазды халық.