"Аяғы ауырса да, күнде музыка мектебіне таситын": Димаш Құдайберген әжесі жайлы сұхбат берді

"Аяғы ауырса да, күнде музыка мектебіне таситын": Димаш Құдайберген әжесі жайлы сұхбат берді

Жуырда әнсапармен Германияға барған Димаш Құдайберген баспасөз конференциясын өткізді. Әйгілі Леди Гаганың продюсері Ральф Саймон Димашпен сұхбаттасып, оның табысқа жетуінің сырын сұрады. Димаш әжесінің тәрбиесі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, кішкентайынан тәрбиелеген әжесі денсаулығында кінәрат болғанына қарамастан, оның болашағы үшін барын салған. 

"Мен 5 жаста болғанда әжем мені музыкалық мектепке алып баратын. Ол кезде әжемнің аяғы ауыратын, бірақ соған қарамастан әр таң сайын ол мені музыка мектебіне апарып, үш сағат сонда күтіп тұратын. Түсінесіз бе? Сол уақыттан бері мен үнемі білім алудамын. Қазір мен университетте PhD-ге оқып жатырмын. Жалпы 23 жыл болды", – деп бөлісті Димаш. 
Ральф Саймон Димашты әлем танитынын атап өтті. Еуропа елдерінен бөлек, АҚШ, Канада, Португалия, Мексика, Исландия, Португалия, Скандинавия мемлекеттерінде әншіге деген қызығушылық жоғары екенін айтты. 

"Қазақстанда отырып, қалай әлемді жаулап алып отырсың?" – деп сұрады Саймон. 

"Мен білмеймін. Мен тек "Хунан-Тв"-да өнер көрсеттім, ал келесі күні Джеки Чан сынды кумирлерім хабарласа бастады. Ол маған күртешесін сыйлады. Екеуміз кездестік, содан бері жақсы доспыз. Алғашқы кездесуден кейін үш жылдан соң қайта хабарласып: "Мен фильм түсіріп жатырмын, соның саундтрегін сенің орындағаныңды қалаймын", – деді. 
Қандай ән, қандай стильде, ол стиль маған ұнай ма, жоқ па, ойлаған жоқпын. Оның маңызы жоқ еді, себебі ол  Джеки чан еді", – деп бөлісті Құдайберген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста