«20 жылдыққа – 20 жарқын іс» акциясы аясында елімізде талай игілікті істердің жүзеге асып жатқаны белгілі. Жуырда Шығыс жұрты тағы да осындай игілікті істің куәсі болды.
Аягөз стансысы маңына болат жол мен оның бойында қажырлы еңбек еткен теміржолшылардың құрметіне қойылған бұл ескерткішті сол істердің бір парасы деуге болады.
Әнуарбек МҰХТАРХАНОВ, Аягөз ауданының әкімі:
– Биыл ауданымызда жергілікті жұртшылықтың жұмыла қолдауымен қыруар іс жүзеге асуда. Теміржолшылар құрметіне ашылғалы отырған осынау ескерткіштің бастамашысы – Аягөз локомотив депосының ұжымы мен аудандық мәслихат депутаты Марат Шәкенов. «Локомотив» АҚ Семей жол бөлімшесінің басшылары да айтарлықтай қолдау көрсетті. Бұл азаматтардың барлығына алғыс айтамыз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында ашылып отырған бұл ескерткіш келер ұрпақ ұлағатты тәрбие алатын жарқын іс дей аламын.
Қазір ауданға заманауи технологиямен жасалған тепловоздардың төртінші легі келуде. Осынау салтанат үстінде Аягөз топырағына жақында ғана келген ТЭ33А Evolution тепловозының тұсауы кесілді.
Аягөзде отарбаға ескерткіш орнатылды
Последние статьи автора