«Әдемі-ай» мұражайы ашылды

«Әдемі-ай» мұражайы ашылды

15 жылдан бері ұлттық жәдігерлерді жинаумен айналысатын Бахаргүл Төлегенқызы жуырда Алматы қаласынан «Әдемі-ай» өнер үйін ашты.
Әуелде кішігірім салон ретінде ғана ашыл­ған өнер үйінің бүгінде әр облыста бө­лімшелері бар. Тек қазақ халқының ғана емес, Орта Азия ұлттарының, әсіресе түр­кі­мен, өзбек, тәжік, орыс, украин ха­лық­та­рының да ескі бұйымдары – осында. Адам ба­ласы тұрмыста қолданатын зат­тар ­мен әшекей бұйымдардың ең ескісі XVIII ғасырға жатады.
Бахаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Әдемі-ай» өнер мұражайының президенті:
– Өнерге деген құштарлығыммен көр­медегі заттарды жинап отырдым. Көбін сатып алдым. Қиын-қыстау ке­зең­де қайсыбірінен айырылып қалған ке­зіміз де болды. 2002 жылы «Әдемі-ай» өнер салонын ашып, жинаған зат­та­рымды бір бұрышына қоя бастадым. Ха­лық жәдігер жинаушы ретінде танып, қо­лындағы көне бұйымдарын тапсырып жат­ты. Еліміздің әр аймағынан алып кел­ген заттарым да бар. Кейін Қа­зақ­стан­ның барлық сөрелерінде тұруға тиіс­­ті елдігімізді танытатын кәдесый топ­тамалары жұмысын қолға алдым. Қа­зақстанның әр облысындағы ес­керт­кіш монументтерінің кішірейген макетін кә­десый ретінде жасадық. Тәуелсіздік ал­ғаннан кейін бой көтерген ес­керт­кіш­тер­ді, тарих, этнографиямызға қатысты дәстүрлі өнер туындыларын жасап жа­тыр­мыз. Ата-баба өнерін дәріптеп, на­си­хаттауды борышым деп білген соң, қазақы бұйымдарды дәріптеп жүрген жайым бар.
Елімізде ұлттық болмысымызды көр­се­тетін мұражайлар саусақпен санарлық. Мұ­­ра­жайының көптігі және сапасы жа­ғы­нан бірінші орында тұрған – Париж. Фран­ция­ның бір ғана қаласында ұлттық мұ­ра­жай саны – 14, суретші, өзге өнер адам­­­­да­рының мұражайларын бұл тізімге қос­­­­па­ғанда. Мәдениеттің жоғары үлгісі ре­­­тін­де танылған Еуропа елдерінде мұра­жай­­ға ба­ру­дың өзі – өнер. Сол ұлттың клас­­­­си­ка­лық музыкасына деген сүйіс­пен­ші­­лігі сын­ды өнер үйлерін аралауды да еу­ро­палықтар адам­дықтың жоғары санаты деп білген. Ұлт­тық мұражаймен терезесі тең тұрған «Әде­мі-ай» өнер үйі сынды өзге де мұ­ра­жай­­лар ашылып жатса, қа­за­қы­лы­ғы­­мызды әлем жұртшылығына барынша паш етер едік. 100 адамды жұмыспен қам­тып отыр­ған өнер үйі сияқты, жұ­мыс­сыз­дар­­­­дың да екі қолына бір күрек табылар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста