Әдебиеттанудың білгірі еді...

Қазақ әдебиеті тағы бір қаламгерінен айырылды. Белгілі жазушы, әдебиеттанушы ғалым, әйгілі «Отырардың ойраны» тарихи романының авторы, филология ғылымының докторы, профессор Хасен Әдібаев 88 жасқа қараған шағында өмірден озды.


Әдеби сын, әдебиеттану ғылымы, көр­кем проза саласында өнімді еңбек еткен қа­ламгер, ғалым Хасен Әдібаев 1924 жы­лы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шұ­бартау ауданы Қосағаш ауылында ту­ған. 1947 жылы Ұлы Отан соғысынан ор­ал­ған соң, Аягөз ауданында комсомол қыз­ме­тін­де болды. 1955 жылы Қазақ мем­ле­кет­тік уни­верситетінің философия бөлі­мін, 1959 жылы Абай атындағы Қазақ пе­да­гогика институтының аспиран­турасын бі­тір­ген. «М.С.Ольминский М.Е.Сал­ты­ков-Щед­рин туралы» атты тақы­рып­та кан­ди­даттық, «Ғ.Мүсі­реповтің ше­бер­лігі» атты тақырып­та док­торлық дис­сер­тация қорғаған. Ұзақ жыл­дар бойы Қазақ пе­да­го­ги­ка­лық ин­сти­тутында (қазіргі Қазақ мем­ле­кет­тік қыздар педагогикалық уни­вер­ситеті) қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық еткен.
Майдангер ретінде «Қызыл Жұл­дыз», екі рет «Ерлігі үшін» медалімен ма­ра­пат­талған. Ғылымдағы еңбектері ескеріліп «Құр­мет белгісі», Құрмет ордендерімен мара­патталған.
Жазушы-ғалымның қаламынан туған «Уақыт және суреткер» «Талант, талғам, тағ­дыр», «Көкжиек», «Таңбалы адам», «Өмір­дария», «Абай патшалығы» деп аталатын көркем дүниелер мен әдеби сын, зерт­теулер оқырманынан өз бағасын ал­ған. Хасен Әдібаев сонымен қатар әде­биет­тану саласы бойынша мектеп оқу­шы­лары және арнаулы оқу орында­рының студенттері мен оқытушыларына арналған бірнеше оқулық жазған.
Ұлттық әдебиет пен әдебиеттану саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, артынан сүбелі сөз қалдырған қаламгер, ғалымды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі кеше өзі ұстаздық қызмет атқар­ған Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыз­дар педагогикалық университетінің ғимара­тында өтті. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста