«Абай» деректі драмасы көрсетіледі

«Абай» деректі драмасы көрсетіледі

Бүгін Алматыдағы Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде «Қазақ­стан» телерадио корпорациясының тапсырысы бойынша «Қазығұртфильм» киностудиясы түсірген бес желілі «Абай» деректі драмасының тұсаукесері өтеді.
Шараға фильмнің продюсері Сәбит Әбді­халықов, сценарий авторы Ерлан Төлеу­тай, режиссері Нұргелі Садығұлов, операторы Ринат Қосай, Құнанбай рөлін сомдаған әртіс Бауыржан Қаптағаев, Абай рөлінде ойнаған әртіс Жалғас Толған­бай, белгілі режиссерлер Болат Атабаев, Сатыбалды Нарымбетов, Болат Қалымбетов, Жаңабек Жетіруов, ақын-жазушылар Мұ­рат Әуезов, Дулат Исабеков, Дидар Амантай, Жанарбек Әшімжан және тағы бас­қалар қатысады.
Ерлан ТӨЛЕУТАЙ, «Абай» деректі драмасының сценарисі:
– Фильмді жарыққа шығаруға сегіз ай уақыт кетті. Түсірілім Шығыс Қазақ­стан облысына қарасты Абай ауданында, Жидебай қорығында, Алматы, Астана қала­ларында жүргізілді. Астанадан Тұрсын Жұртбай, Дархан Қамза­бекұлы, Ғари­фол­ла Есім, Серік Негимов, Омар Жәлел, Алматыдан Серік Қирабаев, Мұ­рат Әуе­зов, Болат Атабаев, Шығыс Қазақ­станнан Төкен Ибрагимов, Бек­мұхамбет Исабай, Қызыл­жардан Зар­қын Тайшыбай тәрізді атақ­ты абай­танушы ғалымдар деректі фильм­де Абай туралы өз ойларын көп­шілікке ұсы­нады. Туындыда Абай өмірі мен шы­ғар­машылығының ең елеулі кезеңдері қамтылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста