Абай Бегеймен тойға шыққан Дана Кентай қысқа көйлегі үшін сынға қалды
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жас әнші Дана Кентай мен Абай Бегейдің арасында жеке қарым-қатынас бар деген әңгіменің желдей есіп жүргеніне біраз уақыт болды.
Телебағдарламалардың біріне берген сұхбатында Дана Кентай мұның бәрін жоққа шығарып, Абай Бегейге ағасындай қарайтынын айтқан болатын. Қос әншінің соңынан ерген сөз олардың тойға бірге шығып, суретке жиі бірге түсетіндіктерінен шықса керек. Күні кеше кезекті тойда бірге түскен суреттерін жариялаған жас әнші тағы да сынға қалды. Желі қолданушылары Дананың қысқа көйлек кигенін ерсі көріпті.
«Данажан-ау, етегіңді жауып отырсаң да әдемісің ғой», «Етекті жапсаң нұр үстіне нұр болар еді»-дейді жанашыр оқырмандар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу