Абай Алаш жұртымен қайта қауышты

Абай Алаш жұртымен қайта қауышты

Абай – мәңгілік тақырып. Абайды тану – Алашты тану. Біз хакім Абайды неғұрлым таныған сайын ол соғұрлым тұңғиы­ғына бойлатпай, одан әрмен тереңдей түсері анық. Соған қара­мас­тан, алып тұлғаның үлгіге толы өмірі мен асыл мұрасын танып-білуге тағы бір сәтті қадам жасалды. Бұл – «Қазақстан» телерадио корпорациясының тапсырысымен «Қазығұрт» киностудиясы түсірген «Абай» деректі драмасы. Алматыдағы Жазу­шылар одағында тұсауы кесілген деректі фильмнің бас продюсері – Сәбит Әбдіхалықов, сценарий авторы – Ерлан Төлеутай, қоюшы-режиссері – Нұргелді Садығұлов, қоюшы-опе­раторы – Ренат Қосай, қоюшы-суретшісі – Қуат Тілеубай. Ешкімді бет қаратпайтын Құнанбайдың рөлін белгілі әртіс Бауыржан Қап­та­ғай шебер сомдаса, Зерені Майра Смағұлова ойнады. Абай­дың сом тұлғасын – Жалғас Толғанбай, жас Абайдың бейнесін Айбек Молдабеков жұртшылыққа нанымды етіп бере білгендей.
«Абай» деректі драмасының басты ерекшелігі – көркем фильм және деректі фильм жанрларының элементтері қатар көрініс табады. Абайтанушы ғалымдардың дәйекті сөздері әртістердің ойнауындағы көркем көріністермен, нақты деректі кадр­лармен астасып, көрермен қауымға ой салады, тіпті кейбір тұстары тебірентпей, тол­қытпай қоймайды. Әсіресе Құнанбай­дың Абайға Қазыбек бидің шөбересі, Алшынбай бидің немересі Ділданы айттыруы – тектілікке айрықша назар аударатын да­ла дәстүрінің бір нышаны. Деректі драма Ділданың образын ашып көрсеткенін атап өткен жөн. Абайдың Ділдадан туған Әбді­рах­ман мен Мағауиядай ұлдарының елден ерек болып өсуінде өз жұртынан да, наға­шыларынан да дарыған арғы аталарының қасиеті жатпады деп кім айта алады?! Фильм Абайдың айналасындағы Құнан­бай, Зере, Ұлжан, Ділда, Әйгерім, Оспан, Оразбай тәрізді тұлғалар ғана емес, тұтас­тай сол дәуірдің сұлбасын көз алдымызға әкелгендей болды. Деректі драмада жа­ңа­ша көзқарастар тоғысы мен тың мәлі­мет­­тер молынан ұшырасады.
Айта кетелік, Сәбит Әбдіхалықов құр­ған «Қазығұрт» киностудиясы бұған дейін «Қан­талапай», «Несиеге махаббат» фильм­дерін, «Дипломмен – ауылға!» сериалын түсірген. 2011 жылы шыққан «Несиеге махаббат» комедиясы – Сәбит Әбді­халы­қов­тың алғашқы режиссерлік жұ­мысы.
Сәбит ӘБДІХАЛЫҚОВ, «Абай» деректі драмасының бас продюсері:
– Әртістерді таңдау, оларға қажет­ті киім табу тағы басқа сол сияқты жұмыстар оңайға соққан жоқ. Солар­дың ішіндегі ең қиыны сценарист таң­дау болды. «Қазақфильм» киностудия­сының бас редакторы Дидар Амантайға барып едім, ол маған әнші-композитор, сценарист Ерлан Төлеутайды ұсынды. Ерланмен 15 минут сөйлескеннен ке­йін-ақ екеуміз қол алысып, келістік. Де­рек­ті фильмді аз уақыттың ішінде өткі­зуіміз керек болды. Сондықтан Абайдың жалпы өміріне шолу жасадық. Қара­пайым жұртшылыққа түсінікті дүние туды. 100 мың доллардың төңірегіндегі қаржыға осы фильмді толық аяқтап, ха­лыққа ұсынып отырмыз. Төрт айға со­зылған түсірілім жұмысына 100-ге тарта адам атсалысты. Түсірілім жұмыс­тары Алматы, Астана, Қызылжар қала­ла­рын­да, Шығыс Қазақстан, Алматы об­лыс­тарында жүргізілді. Бекмұхамбет Исабай, Төкен Ибрагимов, Тұрсын Жұрт­бай, Мұрат Әуезов, Зарқын Тайшыбай, Жәлел Омар тәрізді ғалымдар Абай туралы сүбелі ойларымен бө­лісті.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, «Мәдениет» журналының бас редакторы:
– Фильмнен ерекше әсер алып шық­тым. Мұны қазақ кино өнеріндегі бір жаңалық деп айтуымызға болады. Фильмде біз естімеген фактілер кездеседі. Меніңше, осы фильмді оқушылар арасына көп таратып, хрестоматиялық оқу құралы ретінде ұсынатын болсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Кітап оқы­май­тын жастардың Абайды тануға көп септігі тиеді деп ойлаймын. Абайдың ай­на­ласындағы тұлғаларды әртістердің ойыны арқылы беру тәсілі де жақсы ой­ластырылған. Екінші планда жүретін әртістер осы фильмде бірінші планға шығып, жақсы ойнай біліпті. Әсіресе Оразбайды сомдаған Жақсыбектің шеберлігі қатты ұнады. Әртістер Құнанбай мен Абай образдарын аша түскен.

Нұртілеу ИМАНҒАЛИ, «Қазақстан» РТРК басқарма төрайымының кеңесшісі, журналист:
– XXI ғасыр техникасының күшімен кенже өнер – кино саласында Абайдай тұлғаларымызды насихаттауға арнал­ған жұмысқа қол соғып, қошемет көр­сет­песке шарамыз жоқ. Бір-бірімізді танымақ түгіл, өзімізді танымай бара жат­қан заманда өз-өзімізге қайта үңіл­діретін, жастарды өткен тарихымен қоса, болашағына көз жүгіртуге шақы­ратын «Абай» деректі драмасы тәрізді дүниелер ғой деп есептеймін.

Дидар АМАНТАЙ, жазушы, «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы:
– Қазақтың бағына біткен Абай қай заманда болсын еліміз үшін маңызды тұлға болып қала бермек. Абай әр сөзін баппен, он ойланып, мың толғанып айт­қандықтан, оның сөздерінен ешқан­дай селкеулік таппайсыз. Ол – қазақтың ой-өрісінің негізін қалаған тұлға. Оның филосо­фия­сының тереңдігі де – сонда. Абайды әр оқыған сайын жаңа қырынан танылады. Атаулы деректі фильм түсі­рі­лу, сюжеттік желі, мәліметтерінің жү­йе­ленуі тұрғысынан сәтті шыққан деп ойлаймын. Бұл «Қазығұрт» киносту­дия­сының директоры Сәбит Әбдіхалы­қовтың, сценарист Ерлан Төлеутайдың, режиссер Нұргелді Садығұловтың ең­бе­гінің жемісі деп білемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста