7 арнада: "Кім білген?"

7 арнада: "Кім білген?"

Жұртшылық жабыла күтетін теледидардың жаңа маусымында патша көңілді көрерменді не қызықтыруы мүмкін? Көпшіліктің талғамынан шығатын тележобаларды қайдан табуға болады? Әлбетте, бүгінгі теленарықта оза шауып, көрерменнің көңілдегісін дөп басатын дүние ұсыну оңай шаруа емес еді. Дегенмен, 7 телеарнада күзгі маусымда көрсетіле бастаған «Кім білген?» атты жаңа циклді деректі фильм өзінің лайықты бағасын ала бастаған тәрізді.
Авторлық бағдарлама қоғамдағы және күнделікті өмірде кездесіп жататын түрлі оқиғалар мен құбылыстар жайын қаузайды. Түсіруші топ жұртшылықтың тыныс-тіршілігінде орын алып жатқан кейбір мәселеге тереңнен үңіліп, әр тақырыпқа тарам-тарам зерттеулер жүргізіп, жаңа сынақтар мен қызықты жайттарға жете мән берген. Оның көрерменге ұсынатын әр сериясы бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Жұртшылыққа танымал жүргізуші Нұриддин Бидосов жүргізетін «Кім білген?» бағдарламасын эфирге дайындау барысының талай қызықты әрі қилы жағдайларға толы болғанын айғақтайды. Бағдарламаны ойнақы, тартымды әрі түсінікті етіп жасау үшін продюссерлер мен тілшілер біраз сынақтан өтіп, аз тер төкпеген.
«Бүгінгі күрделі заманда өз күнін өзі көріп жатқан сан қилы тағдыр иелерімен жолымыз тоғысып жатты. Бірінің өміріне қызығып қарасақ, екіншісінің тәлкек тағдырын көріп жағамызды ұстадық. Мысалы «Қайыршылар» туралы бағдарламада, біздің әріптестер мешіттің алдында қайыр тілеп отырған адамдармен бірге отырып қайыр сұрады. Өзбекстаннан елімізге келіп қайыр тілеп күн көріп жүрге отбасының, ауыратын кішкентай қызына, біздің түсіру тобымыз дәрігерлермен сөйлесіп тегін ота жасатуға жәрдемдесті. Тура осындай жолмен тірлік көзін жасап жүрген Эльмира есімді аяғы ауыр өзбекстандық азаматшаға перзентханадан шыққанда керек-жарақтарымен қамтамасыз еттік. Өкінішке қарай Эльмираның шақалағы екі апта ғана өмір сүрді. Күн астында қайыр тілеп отырған анасының құшағында шетінеп кетті», - дейді түсіруші тобындағы журналист Нұртілек Риянбекқызы.
Ал келесі бірі бағдарламада отыздан асқан басы бос қыздарға қалай тұрмыска шығу жолдарын қаралады. Тақырыпты ашу мақсатында жүргізушілер танысу агенттігіне, экспресс кездесулерге барып осы мәселенің түйінін шешуге талпынған. Тіпті ондайда өз еркімен күйеуіне «тоқал» алып бергісі келетін бәйбішені де кездесіпті. Алыпсатталарға арналған бір бөлімінде, түсірілім тобы тіпті Қытай мен Италияға барып сол жақтаға сауда-саттық пен еліміздегі тауар сапасы мен бағасы жөніндегі қызықты мәліметтер жасайды.
«Жүре берсең көре бересің, көре берсең көне бересің» -дегендей бір ғана Астананың өзінеде сіз бен біз біле бермейтін, білсек те аса қажеттілік туындамайтын қызмет түрлері бар екенін кім білген? Ұсыныс бар жерде сұраныс бары заңдылық. Қарапайым адамдар жүгіне бермесе де, кейбір жандар осындай қызмет түрлерін тұтынып жататынын естігенбіз, бірақ «Кім білгеннің» түсіру тобы оларды өзіміз көзімен көріп кәсіби тұрғыдан тұтынушысы болуға мүмкіндік туды. Ал қызмет түрлеріне келсек: бір сағатқа бөтелкелес дос болу, жеке басыңызды мақтау-мадақтау, күйзелістен арылу үшін жаттықтырушыны ұрып-соғу, жарты күндік немесе бір сағаттық отырыстарға ертіп баратын күйеу немесе әйел, романтикалық ұсыныстар ұйымдастыру, тойға сойылатын қойдың өзін сәндеп әкелу. Қаржыңыз жетіп, қалтаңыз көтерсе болғаны, қалағаныңның бәрін жасатуға болатынына көрерменнің де көзі жетеді.
«Кім білгеннің» ұжымы елімізде «сайда саны, құмда ізі жоқ» шетелден келіп заңсыз жұмыс істеп жүрген гастарбайтерлердің Қазақстандағы тұрмыс-тіршілігімен толығырақ танысып та шықты. Олардың жұмыс істеуге көбісінің рқұсат алмайтындығын, түрлі жұқпалы аурулармен ауратындықтарын тіпті олардың нақты санын қанша екенін біреу білсе, біреу білмейді. Сосын «шоу бинес» десе ішкен асын жерге қоятын, өздерінің сүйікті әншілері туралы мәліметті қалт жібермейтін көрермендерді де қуантуға болады. Арнайы бір бөлім дәл осы шоу бизнеске арналып, бас кейіпкерлер әнші әрі продюссер Баян Есентаева және әнші Қайрат Нұртас болып шықты. Егер жұлдыз жорамалдарға сенетіндер болса, әлемдік экстрасенстер сайысына қатысқан қазақстандық көріпкелдер туралы мәліметтерді қызықтасаңыз ол да «Кім белгеннің» алдағы санында көрсетіледі. Жаңа инновациялық-технологиялар жөнінде де еліміздің ірі кәсіпорындары туралы бағдарламалар түсіріліп жатқан көрінеді. Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық дейді ғой, олай болса аптаның әр жексенбісі күні кешкі сағат сегіз жарымда «7 арнаны» қосуды ұмытпаңыздар. Эфирге жол тартқан жаңа тележоба өз көрермендерін табатынына да сенім мол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста