53 жастағы Бақыт Шадаева жас көрінуінің құпиясын бөлісті
Отандық әнші Бақыт Шадаева жас көрінуінің құпиясын бөлісті. "Базарlike" бағдарламасына келген әнші өзінің тамақтануына көп көңіл бөлетінін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"53 жастан асып бара жатырмын. Ішіп-жеген тағамымды өте қатты қадағалап отырамын. Оның барлығы денсаулыққа байланысты. Отыздан асқасын денсаулығыңа көңіл бөлесің. Өйткені, халық алдына көп шығамыз, жауапкершілігіміз мол. Бізді бәрі әрдайым қадағалап жүреді. Бір жеріміз дұрыс болмаса, сын айтылады. Сын айтылмауы үшін біз өзімізге қараймыз. Менің байқауымша, көп нәрсе осы ішіп-жеген затыңа байланысты", - деді Бақыт Шадаева.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бақыт Шадаева өзінің екі рет күйеуге шығып, екеуімен де ажырасып кеткенін және тағы бір сүйіктісі түсініксіз жағдайда сотталғанын жеткізген болатын.