Қарашаның 28-і
Алаштың атаулы күні
• 78 жыл бұрын (1935-1983) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Сабырұлы НӘЖІМЕДЕНОВ дүниеге келді.
• 8 жыл бұрын (2005) Павлодардың Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы «Жергілікті мұражайларды қолдау» акциясының барысында қала тұрғындары сыйға тартқан 418 жаңа жәдігермен толықты. Сыйлықтардың арасында Мәдидің тұтынған «Құранын» және Мұхтар Әуезовтің 1947 жылы жарық көрген «Абай» кітабын атауға болады.
• 6 жыл бұрын (2007) Президенттік мәдениет орталығында халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев туралы түсірілген «Ақ шағылда туған арман», «Парасат биігінде» атты деректі фильмдерінің тұсаукесер рәсімі болды.
Туған күн иелері
Шәкәрім Жансейітов (1938) – «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі;
Еркін Белқожанов (1944) – полиция генерал-майоры;
Бисенғали Тәжияқов (1946) – ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары;
Сәкен Жылқайдаров (1956) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Людмила Хочиева (1959) – қоғам қайраткері, Қарашай-Балқар мәдени орталығының өкілі;
Жанат Сейдуманов (1960) – ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры;
Аманбек Қалжанов (1961) – Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ;
Нұралы Сәдуақасов (1964) – Қостанай облысының әкімі;
Мағжан Әуезов (1975) – «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
МАҒЖАН – араби есім. Арабшада «Магзум» болып айтылатын бұл есім қазақшада «қадірлі», «құрметті қонақ», «Алланың қалауы түскен» деген мағына береді. Мағжан есімі ел ішінде әсіресе ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев туралы мәліметтер кең тарала бастаған ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері жиі кездесе бастады. Бұл есім жаңа туған сәбиге «кемел ойлы, еліне қадірлі, абыройы асқақ болып өссін» деген ниетпен қойылады.