24 жыл бұғауда жатқан «Жақсы кісі»

24 жыл бұғауда жатқан «Жақсы кісі»

Cөз жоқ, өмірде талай жақсы адамдар бар. Олардың ең басты ерекшелігі – ешқашан «мен жақсымын» деп жан баласына айтпайды да, жасаған жақсылығы жайлы жар салмақ былай тұрсын, ол туралы жақ ашпайды да. Және тағы бір «жақсылар» бар. Бар дегеннен гөрі көп деген жөн шығар, себебі Ахаң – Ахмет Байтұрсынов «Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр, жақсылық өз басынан артылмаған» деп тектен-тек айтпас еді.
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемле­кет­тік академиялық балалар мен жасөс­пірімдер театрында сәуірдің 12-сі мен 14-і аралығында үш күн қатарынан «Жақсы кі­сі» атты жаңа қойылым жүрді. Авторы ҚР ең­бек сіңірген қайраткері, жазушы Әкім Тарази болса, қоюшы режиссері – «Тар­лан» сыйлығының иегері Жанат Хаджиев.
Хазиндер отбасы – ұлы да, қызы да, тәп-тәуір тұрмысы да бар, сырт қара­ған жұрт қызығатындай-ақ сүттей ұйыған отбасы. Кешкісін отағасы Ахмет жұмыстан келгенде ұл-қызы алдынан жүгіре қарсы алып, жұбайы күлімдей ортаға ас қойып бәйек болғанына қарап, «паһ, шіркін, шаңы­рақ болған соң осындай болуы ке­рек қой!» дегің келеді. Біз көргенде бұл отбасы ерекше дастарқан жайып, әлдебір сыйлы қонақты күтіп отыр еді. Әсіресе ортаншы қыз Қатираш әдеттегіден де сұлуланып, қайта-қайта тықыршып, ор­нын­да отыра алмай, екі көзімен терезе жақ­ты аңдумен жүр. Әлдекімді күтетін сы­ңайлы. Күткенде уақыт сабазыңның өтпей қоятын әдеті емес пе, міне, Қатираш та та­ғат таба алмай кеткен соң, анасын сұ­рау­дың астына алуда: «Мама, айтшы, әкем еке­уің алғаш қалай танысып едіңдер? Бір-біріңе қалай ғашық болдыңдар?», – деп, анасы Балзияның «қызым-ау, жаттап ала­тын кезің болды ғой, осыған дейін талай естіп жүрсің ғой» дегеніне де көнер емес. Қатирашты қобалжытып тұрған – махаб­бат, яғни өзінің сүйген жігітін дәл қазір ата-­анасымен таныстырмақ. Жайы­лып жат­қан дастарқан соның құрметіне еді. Бірақ... Өмір кейде өзгерем десе, бір-ақ сәт­те емес пе? Сан жылдар қалыпты ағыс­қа түсіп алып, жылғамен ғана ағып, арна­сы­нан еш ауытқымаған өмір-өзені дәл осы сәтте, небары бас-аяғы бір-екі сағат ішінде төңкеріліп түседі деп кім ойлаған?!. Өмір бойы орынбасарлықтан аса алмай келе жатқан отағасы Ахметтің де дәл осы сәтте ауылдың білдей әкімі бола қалмасы бар ма? Момын деп жүрген адамның өзі мансаптың буы бұрқ еткенде, кеудесіне нан пісіп, өзінің сан жылдар іште жинаған «қап, бәлемін» көрсетіп қалуы ғажап емес екен. Біздің жақсы кісіміз тап сондай мінез көрсетіп, мансап жолында өз ұлын жынды­ханаға айдатып жібереді.
Комедия жанрында басталып, траге­дияға ұласқан қойылымды, қысқасы, көру керек. Ал туынды авторы не дейді?
Әкім Тарази, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– «Ұлы сөзде ұят жоқ» дегендей, жа­зу­шы да әйелдер секілді бір туын­дыға «буаз» болады. Алдымен көкейге ой келе­ді, со­дан кейін оны тура ішке біткен шарана секілді 9 ай 9 күн «көте­ресің». Сосын оны «туу» керек, тумасаң – өлесің. Өз басым шығарманы солай жазам. Бұл өзі осыдан 30 шақты жыл бұрын жазылған. Әйтсе де мұның ә дегеннен жолы болмай қойды. Кеңес заманында, өздеріңіз білесіздер, тәртіп қатал еді. Қырағы адамдар көп бол­ды, солар қойылым бір күн сахналан­ған­нан кейін жапты да тастады. Ол кезде де дәл осы театрда қойылған болатын. Мі­не, содан араға 24 жыл салып, «Жақ­сы кісі» сахнаға қайта оралды. Тол­қып тұрмын, «өлдіге» қимай жүрген шы­ғармамның бүгін сахна көргеніне, жалпы, режиссерге де, актерлердің бәріне де ризамын.

Әрине, шығарма жақсы, оған дау жоқ. Режиссерлік шешім де мықты. Алайда әр­тіс­тер тарапынан әлсіз түсіп тұрған жақ­тары жетерлік. Өз образына ене алмай, өз кейіпкерінің тағдырына кірігіп кете алмай, көрерменді сендіре алмай жатқан тұстары баршылық. Сондықтан жалпы әртістер қауы­мына ширыға түсу қажет секілді. Со­дан соң музыкалық әрлеу жағынан да адам­ның жанды жеріне тиетін тұстарында соны дөп басатын әуен керек сынды. Әсі­ре­се әкесінің шақыртуымен ұлын жынды­ха­наға байлап әкетіп бара жатқан тұста көр­ген жұрттың сай-сүйегін сырқырата­тұ­ғын әуеннің жоқтығы сезіліп қалғандай...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста