Жүрекке дауа жаңа қондырғы

Жүрекке дауа жаңа қондырғы

Жүрек-қан тамырлары ауруы қаза болу көрсеткіші бойынша Қазақстанда алдыңғы орында. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде өлім деңгейінің 53 пайызын осы жүрек талмасымен қайтыс болғандар саны құрайды екен. Осыны ескерген сала министрлігі таяуда ҚР Кардиология мен ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Америкадан еуропалық стандарттарға сай жаңа заманауи қондырғы алып келді. Бұл аппарат әзірге Қазақстанда жалғыз. Оның көмегімен дәрігер мамандар асқынған инфаркттерді емдейді. Яғни қондырғы тамыр ішіндегі «тромбты» (ұйып қалған қанды) алып тастауға таптырмас құрал.

Негізі, Кардиология институтында бұдан екі жыл бұрын әкелінген «Коронорография стентирования» аппараты бар. Ол қондырғының көмегімен осы уақытқа дейін 80 науқас толық емделіп шықты. Енді оның қатарына ең соңғы үлгідегі жаңа аппарат қосылды.

Инфаркттің үш белгісі:

  • Жүрек ауырады, демек, төстің асты сыздап, дем жетпей жатқан секілді болады.
  • Бас ауырады.
  • Асқазан ауырады.

Көп науқастар асқазаны ауырса, гастроэнтерологқа немесе хирургтерге барып жатады. Немесе асқазан дәрісін ішеді. Осылайша, науқастар өзінің инфарктін білмей, уақытын өткізіп алады. Ал ауру асқынғаннан кейін ем-домның да шипалы қонуы екіталай.

Жүрек-қан тамырлары ауруына шалдықпас үшін не істеу керек?

Маман пікірі:

  • Үйлесімді тамақтану. Майлы тамақты аз жеу, көкөніс, жеміс-жидектерді тұрмыста көбірек тұтыну керек. Әр күні белгілі мөлшерде сүт және көк шай ішіп тұру қажет.
  • Үйлесімді қимыл. Адамдар өз жас шамасына қарай күн сайын дене қиымылын үйлесімді жасап отыруы керек.
  • Адам көңіл күйінің тұрақты болу-болмауы да өз әсерін тигізеді. Күнделікті өмірде адамдар жүйкелік тұрғыдағы ауыртпалықты азайтып, өзін кең, дарқан ұстауы керек. Тағы бір айтатын нәрсе – адамдар арақ пен темекіден аулақ жүргені абзал.

Асқар Сәлімұлы,
ҚР Кардиология мен ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі:

– AnpioGet аппаратының артықшылығы – егер адам бірден инфаркт болса, онда оның жүрек тамырында қан ұйып қалады. Осы ұйыған қанды сорып алуда аталмыш қондырғыны пайдаланамыз. Егер науқас инфаркт болған кезде алты сағатқа дейін бізге келіп үлгерсе, онда аппарат тромб пайда болған жердегі жүрек бұлшық еттерін өлтірмей, науқасты аман сақтап, ауруын асқындырып алмауға мүмкіндік бар. Осы ретте біз Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментіне «Жедел жәрдем көлігі «экстерный» инфаркттерді бізге алып келсін» деп хат жаздық.


Өткен жылы елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларынан 56 мыңнан астам адам көз жұмған. Мамандар мұны өте жоғары көрсеткіш деп отыр. Мәселен, 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда 400 адам осы науқастан көз жұмған болса, бүгінде бұл сан 500-ге жеткен. Сондықтан да адам жанын аман алып қалу үшін медицина саласына сапасы жақсы осындай қондырғылардың келуі – құптарлық іс.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста