Ташкентте өткен 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікті қайталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Финалға шыққан бес боксшымыздың төртеуі алтын алды. Оның үстіне Өзбекстанмен финалдағы текетіресте де 2:1 есебімен Қазақстан құрамсының пайдасында болды. Құрама сапынан алтын алғандар Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұт Сабырхан (54 келі), Асыланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі), ал Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды (67 келі).
Алматыда өткен 2013 жылғы ӘЧ-де Қазақстан құрамасы осынша алтын иеленген еді. Ол әлем біріншілігі Қазақстан тарихында ең сәтті болған - 8 жүлде (4+2+2).