Тайсонға тұзақ құрып, түрмеге тоғытқан кім?

Тайсонға тұзақ құрып, түрмеге тоғытқан кім?

1992 жылдың 10 ақпанында, осыдан тура 23 жыл бұрын ең ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті (теңдессіз) чемпионы Майк Тайсон Дезире Вашингтон деген қызды зорлады деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айырылады. Дегенмен, бұл оқиғаның нақты қалай болғанын әлі күнге дейін ешкім нақты білмейді, деп жазады "Алаш айнасы" интернет порталы.

«Дезире Вашингтонды зорлаған жоқпын. Керек десеңіз саусағымның ұшы да тимеді. Ол мұны біледі. Бастысы, жаратушым біледі. Вашингтонның бұл әрекеті оның өмірінің соңына дейін қара таңба болып қалады»
(Майк Тайсон)

«1991 жылдың 19 шілдесінде менің тәнім мен жаным қорланды. Мен өмірімдегі ең асыл деп санаған пәктігімнен айырылдым. Мен небәрі 18 жастамын. Енді алда не болатынын білмеймін. Тіпті өмір сүруге де күшім қалмады. Мені мұнша азаптаған адам лайықты жазасын тартсын!»

(Вашингтонның сотқа жазған хаты)

ТАЙСОННЫҢ НҰСҚАСЫ

1991 жылдың 18-шілдесінде Индианаполис қаласында өткен «Блэк Экспо» фестивальінде Майк «Американың қарамаржан аруы» байқауына қатысып жатқан Дезире Вашингтон есімді қызбен танысады. Сол кезде даңқты боксшыны көрген куәгерлердің айтуына қарағанда, ол күні Майк тек Дезиреге ғана емес, басқа қыздарға да көз қиығын тастап, оларға «уақытты жақсы өткізу үшін» кешке өз бөлмесіне шақырған-мыс.

Associated Press

Сол байқаудың түсірілімі кезінде Тайсон Вашингтонды құшағына алып, оған жақынырақ танысуға ұсыныс тастаған. Ал, Дезире болса әлсін ғана жымиып, қарсылық танытпапты. Сондықтан да Тайсон оны кездесуге шақырып, қасына құрбысын ерте келуді сұраған екен. Әрине, келбетті қыздың бірден келісе кеткеніне Майк та марқайып, тіпті төсек қатынасына дейін жоспарын алдын-ала құрып тастаған да болар.

Уағдаласқандай, кешкі кездесуге Дезире өзінің құрбысын алып келеді. Үшеуі тамақтанып, біраз әңгіме-дүкен құрады. Одан кейін қыздар байқау кезінде іш киім кезеңінде түсірілген суреттерді шығарып, мақтанышпен көрсеткен.

Кездесуден кейін Тайсон Вашингтонмен бірге өзінің бөлмесіне барыпты. Дәл осы кезде Майктың жаңа күзетшісі Дейл Эдвардс (Дон Кингтің жиені) өзінің бөлмесіне кетіп, үлкен қателік жасайды. Негізі, боксшының бұған дейінгі күзетшілерінің барлығы дерлік Майктың нөмірінің қасында болып, Майкты мұқият қорғап жүрген. Оның қасында бейтаныс қыз болса, олар тіпті есігінің алдында тұрып күзеткен.

Тайсонның айтуына қарағанда, бөлмеге кірген бетте Дезире оның ұйықтайтын бөлмесіне кіріп кеткен. Олар шамалы әңгімелесіп, сүйісе бастаған. Содан кейін қыз ваннаға кірген. Кейін ол жақта Вашингтон іш киімін шешкені белгілі болды.

Қыз қайтып оралған соң олар тағы біраз аймалысып, төсек қатынасына түскен. Болар іс болып қойғаннан кейін Тайсон Дезиреге бөлмесінде қалуды ұсынады. Бірақ, қыңыр мінез Дезире бұл ұсынысқа көнбей, оны дәл сол уақытта өз бөлмесіне алып барып тастауын талап еткен.

Бірақ, әрдайым өз айтқанынан қайтпайтын Майк осы кезде Вашингтонда дауыс көтеріп, «құрып кет», - деп айқай салады. Бұл кезде де боксшының күзетшісі болмай, Дезире бөлмеден жалғыз өзі шығып, Тайсонның лимузиніне мініп кетіп қалады. Ол көлікке мінген бойда «Сене алмаймын. Ол өзін кіммін деп санап жүр? Мен оны орнына қоямын» дегенге саятын сөздер айтты деген әңгімелер де бар.

Ал, бұл оқиғадан тура бір апта өткеннен кейін Тайсон өзіне қыз зорлады деген арыз түскенін біледі.

ВАШИНГТОННЫҢ НҰСҚАСЫ

Негізі, бұл іске қатысты түсініктемесінде Дезире Тайсонның бөлмесіне өз еркімен барғанын жоққа шығармайды.
– Ол менен, бірер минутқа бөлмеме кіріп кетуге қалай қарайсың деп сұрады. Мен: «Мейлі, жарайды», - деп жауап бердім. Біз бөлмеге кірген сәтте-ақ ол мені құшақтап, сүйе бастады, - дейді жәбірленуші қыз.

Reuters

– Ваннадан қайтып келгенімде Майк мені өзінің төсегіне алып барып, шешіндіре бастады. Алдымен жоғарғы жағымдағы киімдерімді, кейін іш киімімді. Бір сөзбен айтқанда, ол ойына не келсе, соны жасап, маған: «Қарсылық білдірме, қарсылық білдірме», - деп қайталай берді. Мен болсам «Жоқ, жоқ. Ары кет. Құрып кетші. Өтініш, мені жіберші», - деп қарсылық білдірген едім. Бірақ, ол менен әлдеқайда күшті ғой. Күшіне салып ойына келгенін жасады. Шаруаның барлығы біткеннен кейін мен төсектен тұра салып киіндім. Кейін: «Лимузин орнында тұр ма», - деп сұрап едім, ол: «егер қаласаң жанымда қалуыңа да болады», - деп жауап берді, - дейді Дезире.

Ертеңіне Вашингтон болған жайттың барлығын анасына айтып, арыз жазған.

СОТ ШЕШІМІ

Әуелде Майк Тайсонға қарсы айыпты Индианаполис қаласының прокуроы Джеффери Модисэт қарауы керек еді. Бұл істі осы азаматтың жүргізуге қаланың қара нәсілді азаматтары тұратын аймағыны барлығы дерлік қолдаған. Бірақ, Джеффери Модисэт Майк Тайсонға айып тақпайтынын ашып айтып, бұл істен бірден бас тартады.

Associated Press

Алайда, жоғарғы соттағы 6 адамның 5-і Тайсон жазаға тартылсын деп, істі қайта қозғап, оны Грег Гаррисон есімді тәуелсіз прокурорға тапсырады. Тайсонды бұл істе атақты промоутер Дон Кинг жалдаған Винс Фуллер есімді қорғаушы қорғаған. Бірақ, ол тек Дон Кингтың салықтан жалтарып кетуіне көмектесіп жүрген қаржы адвокаты болған. Ал, федеральды сотта қылмыстық істі ешқашан жүргізбеген.

Сөйтіп, Тайсонға қатысты қылмыстық іс 1992 жылдың 27-қаңтарында ресми басталып, 1992 жылдың 10-ақпанында аяқталады. Оны Патриция Гиффорд есімді сот жүргізген.

Бұл істің негізі шикілігі көп. Біріншіден, сот Тайсон мен Дезиренің қол ұстасып, қонақ үйге кіріп бара жатқанын көрген куәгерлерді шақырмаған. Екіншіден, зорланған қыз медициналық сараптамадан өтпеген. Үшіншіден, оқиға болған жерге сараптама жасалынбаған. Төртіншіден, Дезиренің денесінен ешқандай да жарақат табылмаған. Бесіншіден, Дон Кинг жалдаған қорғаушы өз жұмысын дұрыс істемеген. Бірақ, бұл істегі ең басты шикілік үкім шығаратын 12 адамның 2-еуі ғана қара тәсілді, ал қалғанының барлығы ақ нәсілді азамат болған.

90 жылдардағы ең атышулы сот отырысында Майк Тайсон айыпты деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылады. Десек те, «Темір Тайсон» түрмеде үш жыл отырып, үлгілі тәртібі үшін уақытынан ерте босап шығады.
Айтпақшы, осы іс аяқталып, Тайсон түрмеге түскеннен соң оның промоутері Дон Кинг Винс Фуллерге (Майктың қорғаушысы) 100 миллион доллар қарыз болғаны белгілі болды. Кейбір деректер бойынша, қарызынан құтылу үшін Тайсонды темір торға тыққан осы промоутер екеніне дәлелдер бар. Бірақ, ол істі ешкім қозғамаған.

«Маған арыз түскен сәтте-ақ мен бұл істе жеңіп шықпайтынымды білдім. Оған себептер де көп. Біріншіден, ол кезде маған тең келетін ақ нәсілді боксшы жоқ еді. Екіншіден, менің промоутерім қиын жағдайға тап болды ...»

(Майк Тайсон)

Шет елдік басылымдардан ықшамдап дайындаған: Уалихан Қосанбай

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста