Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Ташкентте өтіп жатқан ӘЧ-де бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
63,5 келіде өнер көрсететін Төлтаев 1/32 финалда израильдік Ахмад Штивимен жұдырықтасты. Штиви кәсіпқойдада да өнер көрсетіп жүргенін айта кетейік. Оның кәсіпқой рингтегі рекорды 8-0 (6 КО).
Екі боксшы да жақсы жекпе-жек көрсетті. Алайда үш раунд қортыныдсы бойынша төрешілер жеңісті Санатәліге берді.
Еске салайық, Төлтаев Азия чемпионатының қола жүлдегері.