Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қонқабаев әлем чемпионатының ширек финалындағы Баходир Джалоловпен айқасына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
92 келіден аса салмақта өткен жекпе-жек өзбек боксшының пайдасына аяқталды - 5:0. Ал Қамшыбек айқас кезінде екі ескерту алды.
"Ассалаумағалейкум қазақ елі! Біріншіден қолдап келе жатқан жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Бапкерлеріме. Жекпе-жек өздеріңіз көрдіңіздер, оңай жекпе-жек болған жоқ. Бұрынғы қарсыласым, талай жерде жұдырықтасып келе жатқан. Ағайлардың қойған тактикасын орындауым кішкене ойдан шықпайды, орындай алмадым десе де болады. Енді қателікпен жұмыс жасаймыз. Алда мықты болып оралып, қазақтың көк байрағын желбіретемін деген сенімдемін. Жеңісте де, жеңілісте де бірге болыңыздар! Алға Қазақстан!", - дейді боксшы.