Қазақстандық нокаутшы қарсыластарының бәрін сұлатқан америкалықпен айқасады
"Ірі Балақай" лақап атты 23 жастағы америкалық Джаред Андерсон (13-0, 13 КО) 34 жастағы қазақстандық Жан Кособуцкиймен (19-0, 18 КО) WBC Silver белбеуін сарапқа салатын басты үміткер атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Мұның алдында дағыстандық Арсланбек Махмудов (15-0, 14 КО) Кособуцкиймен жекпе-жек орнына нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 КО) айқасты таңдағаны белгілі болды.
Еске салайық, Жан мен Арсланбек жекпе-жегін WBC ұйымы былтыр белгілеп қойған болатын. Бұл кездесу 2023 жылдың мамырында өту керек еді. Осы айқастағы жеңімпаз рейтингте бірінші орынға шығып, WBC чемпионы әйгілі Тайсон Фьюриге (33-0-1, 24 КО) міндетті қарсылас атанар еді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу