Қазақстандық екі боксшы допинг үшін үш жылға спорттан шеттетілді

Бокстан Қазақстан құрамасының екі боксшысы допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Ұлттық допингке қарсы орталыққа сілтеме жасап жазды.

Атап айтар болсақ, 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Саматәлі Төлтаев пен 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Абзал Серік жарыстардан ресми түрде шеттетілді.

 

Саматәлінің допинг сынамасынан оралтуринабол, Абзалдың сынамасынан метастерон табылған. Екі препарат та спортшылардың қолдануына тыйым салынаған дәрілер қатарына жатады.

 

Ұлттық допингке қарсы орталық мәліметінше, Төлтаев 2023 жылдың 3 наурызынан 2026 жылдың 3 наурызына дейін, Серік 2023 жылдың 7 сәуірінен 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін спорттан аластатылды.

 

Саматәлі Төлтаевтың допинг қабылдағаны туралы ақпарат наурыз айында жарияланған болатын. Ал Абзал Серіктің тыйым салынған дәрі-дәрмек қолданғаны жақында хабарланды.

 

Екі спортшы да бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі.

 

Төлтаев 2022 жылғы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алса, Абзал Серік былтырғы "Елорда кубогінде" Дулат Бекбауовты жеңіп, чемпион атанған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста