Сұқбат барысында ыңғайсыз сұрақты күтпеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне бір стақан суды шашып жіберді.
Боксшыға "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы жүргізушісінің ресейлік спортшы Магомед Абдусаламовке қатысты сауалы жақпай қалған. Ол 2013 жылдың 2 қарашасында Майк Перестен жеңілген соң комаға түскен болатын.
Абдусаламовтың жары қиын жағдайда күйеуіне барынша қолдау көрсетіп, жанында болған. 2017 жылдың қыркүйек айында боксшының отбасы дәрігерлер қателігін дәлелдеп, 22 миллион доллар көлеміндегі өтемақы алды.
Осыған байланысты жүргізуші қазақстандық боксшыға ыңғайсыз сауал қойды, деп хабарлайды Sports.kz.
"Сол Магомедтің орнында өзің болатын болсаң, әйелің төркініне кетіп қалмай ма?", - деп сұрады ол. Дәл осы сауалдан соң боксшы журналистің бетіне су шаша салды.
Бұдан соң Мадияр Әшкеев сұқбатты тоқтатқан.