Қазақстандық Айбек Оралбай Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде ширек финалдық айқасын өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
92 келіде Айбектің қарсыласы германиялық Александр Окафор болды. Қазақ боксшы бірінші раундта-ақ қарсыласын есеңгіретті, ал кейін ауыр нокаутқа түсірді.
Айбек бұған дейінгі қарсыласы литвалық Симонас Урбонавичюсті де үш рет нокдаунға түсірген болатын.
Осылайша, ол Иштван Бочкай мемориалының жартылай финалына шығып, кемі қола жүлдеге ілініп отыр.
Айта кетейік, Айбек Оралбай 2022 жылғы Азия чемпионы және 2018 жылғы жастар арасындағы Олимпиаданың чемпионы.