Қанат Ислам Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірді

Қанат Ислам Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Американың Делавэр штаты Уилмингтон қаласында өткен кездесуде қазақстандық боксшы бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсіріп жеңді. Айта кетейік, бүгін тікелей эфирден көрсетілген кездесуде қазақстандық әнші Жанар Дұғалова "Ризамын" әнін орындап шықты.

Ал кеше Қанат Ислам мен Робсон Ассис салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Айта кетейік, бірінші орта салмақтағы боксшының салмағы 154 фунттан (69,85 келіге дейін) аспау керек. Бірақ жекпе-жекте ешқандай белбеу сарапқа салынбайтын болса, онда екі тарап келісіп, боксшы шектеу қойылған салмақтан асуына болады.

32 жастағы отандасымыз Қанат Ислам кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысып, сол уақыттан бері жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Ол өзі өткізген 22 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 14 рет қарсыласын нокаутқа түсірді. Осы кездесуі Исламның АҚШ жерінде өткізген төртінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Қазақстан, Колумбия және Доминикан Республикасында жұдырықтасқан.

Ал 38 жастағы Ассис болса, 2006 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, қазіргі уақытқа дейін кәсіпқой бокста 19 кездесу қатысқан. Оның 16 кездесуінде жеңіске жеткен.

kaz.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста