Промоутер DAZN платформасымен Головкин жекпе-жегі бойынша келіссөз бастады
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін АҚШ жерінде тамызда өткізеді. Қазақстандық боксшымен жұмыс істейтін Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирннің сөзінен осындай қорытынды шығаруға боалды.
Өткен аптада Хирн жылдың екінші жартысындағы бокс кештерінің кестесі туралы DAZN стриминг қызметімен келіссөз бастаған.
"DAZN-мен жылдың қалған бөлігіне арналған кесте бойынша жұмыс істейміз және бәріміз боксты қайтару үшін еңбетеніп жатырмыз. DAZN-ге жазылушыларды тарту үшін маңызды дүниелер қажет. Үлкен жекпе-жектерге оралу керек", - деп келтіреді Хирннің сөзін Boxingscene.com.
Matchroom компаниясының АҚШ-тағы бірінші турнирлері спорттық шараларға рұқсат еткен Флорида штатында өтеді. Шоу көрерменсіз болады.
"Флорида біз баруға тырысатын жерлер арасындағы ең бастысы сияқты, өйткені, UFC жобасы да қазір сонда", - деп аяқтады сөзін промоутер.