Дэнни Дигнумнің (14-0-1, 18 КО) промоутері Ли Итон қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) айқас алдында британиялық боксшы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Дигнум мен Әлімхнұлы 21 мамыр Лас-Вегаста WBO титулы үшін 12 раундты жекпе-жек өткізеді.
"Дигнум бізге 6-0 рекордымен келген, ол өз салмағында болмады және бағытын таңдай алмай адасып жүрген. Міне енді тоғыз жекпе-жектен кейін ол WBO ұйымының уақытша чемпионы белбеуі үшін Әлімханұлымен айқасады", - деп жазыпты Итон Instagram Stories-те.