Орта салмақта WBO International тииулына ие қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов осы дивизионда толыққанды чемпион Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек мүмкіндігі қаншалықты ықтимал екенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазіргі таңда WBC рейтингінде жақсы көтеріліп келемін. Ары қарай да WBC бойынша ілгерлегенім жөн болар. Әлімханұлымен жекпе-жек? Мен әзірге міндетті қарсылас бола қоймайтын шығармын, біздің менеджеріміз де бір. Алда көрерміз, бірақ олай бола қоймас", - дейді боксшы Qazsport арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, 29 жастағы Мейірім қазан айында өткен кейінгі айқасында аргентиналық Марсело Эстебан Косересті ұпай санымен жеңген еді.