Мырзағали Айтжанов Риода боксшылардың қанша алтын алатынын айтты

Қазақ елінің боксшылары Рио олимпиадасына қызу дайындықты бастап кетті. Еліміз Тәуелсіздік алғалы былғары қолғап шеберлеріміз қандай жарыс болсын жүлдесіз қайтқан емес.

Осы жолы да Мырзағали Айтжанов баптайтын жігіттерге үлкен үміт артамыз. Ауыр атлетикадағы дау-дамайдан кейін бар үмітіміз боксшыларда екені рас. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына алғаш рет толық құрамда барады. Мырзағали Айтжанов баптайтын жігіттер Алатау етегіндегі Ақбұлақ сауықтыру орталығында дайындық жұмыстарын бастап кетті.
"Лондонда бір алтын бір күміс бір қола алсақ, қазіргі жағдайда осындай мықты командамен біз алдымызға мақсат қойып отырмыз. Кемінде 4 медаль. Егер бұйырып жатса одан да көп медаль алуға. Ал бастысы – екі алтынмен оралу", - дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Айтжановтың айтуынша, жігіттердің осалы жоқ. Рас ұлттық құрамадағы кез келген боксшы Рио олимпиадасында жүлдеге лайық. «Бірақ бап шаба ма, бақ шабама?», – дейді қазақ. Кімдердің жұлдызы жарқырайды ол уақыт еншісінде.

Бір білетініміз, қазақ боксшылары үлкен жауапкершілікті сезіне біледі. Ел сенімін ақтау үшін аянбай тер төгуде. Спортшылардың алаңсыз дайындығы үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті командамен арнайы психологтар, дәрігерлер және жеке бапкерлер жұмыс жасауда.

"Екі Олимпиада да бабымда болдым. Жақсы дайындалдым, тер төктім. Оңай кездесулер өткізбедім. Қиын қарсыластар болды оларды да жеңе білдім. Кішкене бақ жетіспеді деп ойлаймын. Енді онымен тоқтап қалмаймыз. Енді міне Алланың қалауымен үшінші олимпиадаға қатысайын деп отырмын", - дейді Біржан Жақыпов.

www.nur.kz/kk/1172536-myrzaghali-aytzhanov-rioda-boksshylard.html 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста