Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты

Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің кеңесшісі Мырзағали Айтжанов қазақстандық спортшылардың кәсіпқой боксқа кетуінің себебін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кәсіпқой бокс

Қазақстан құрамасын шамамен 10 жылдай жаттықтырған бұрынғы бас бапкердің айтуынша, спортшылардың кәсіпқой боксқа ауысуының өз себебі бар.

"Біз барлығын ұстап тұра алмаймыз. Неге? Себебі, бокшылардың басым бөлігі отбасылы. Ал ұлттық құрамада барлығына орын табыла бермейді. Сондықтан кейбір спортшылар "кәсіпқойда бағымды сынайын, ертерек чемпион белбеулерін ұтып алайын, әлем чемпионы атанайын" деп сол жаққа ауысып жатыр", - дейді ол.

Осы орайда Мырзағали Айтжанов кәсіпқой боксқа ауысып, сәтті өнер көрсетіп жүрген Данияр Елеусіновке жеке тоқталды.

"Данияр әуесқой бокста, яғни Азия чемпионаты, Азия ойындары, әлем чемпионаты, Олимпиада ойындарында топ жарып, бірінші орын алды. Сондықтан ол кәсіпқойда Геннадий Головкин ағасы сияқты "өзімді сол жерде сынаймын, кәсіпқой бокстың рингін бағындырамын" деп сол жаққа ауысты. Біз оған сәттілік тілейміз. Хабарласып тұрамыз", - деді Айтжанов.

Токио Олимпиадасы

Мырзағали Айтжанов қазір бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің кеңесшісі қызметін атқаратынын атап өтті. Ол 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына боксшылардың қалай дайындалып жатқанын айтты.

"Рио Олимпиадасынан кейін мықты деген боксшыларымыз кәсіпқой боксқа ауысты, ал кейбірі спорттық карьерасын аяқтады. Бірақ соған қарамастан Қазақстан боксы дами береді. Бүгінде резерв жағы жақсы жолға қойылған. Соның арқасында бокстан Қазақстан құрамасы жас боксшылармен толығып жатыр", - деді бас бапкердің кеңесшісі.

Дүбірлі додада кім топ жаруы мүмкін

Мырзағали Айтжанов алдағы жылы өтетін Олимпиада ойындарында қай боксшының топ жарып, кім алтыннан алқа тағынатытын нақты айта алмайтынын жеткізді. Алайда бас бапкердің кеңесшісі болашағынан зор үміт күттіретін спортшылар бар екенін атап өтті.

"Олимпиадада осы салмақта мына жігіт олимпиада чемпионы болады" деп біз еш уақытта айта алмаймыз. Бұл дүбірлі додада болжам жасау қиын. Алайда келешегінен үміт күттіретін боксшылар бар. Мысалы, ұлттық құрамада 5 боксшымыз Олимпиада медаліне лайық. Ондай жігіттер бар", - деді ол.

Оның айтуынша, Рио Олимпиадасынан кейін ұлттық құрамада бұрыннан дайындалып жүрген 2 боксшы қалыпты. Ол - Қайрат Ералиев пен Василий Левит.

"Олар Токио Олимпиадасына баруға үмітті. Сол үшін дайындалып жатыр. Үміт артатын басқа да жас боксшыларымыз бар. Мысалы, бокстан әлем чемпионатында екінші орын алған Қамшыбек Қоңқабаев бар. Ол – Қазақстан құрамасының капитаны. Ол жігіттен де зор үміт күтуге болады. Мен жігіттердің ешқайсысын бөлмеймін", - деді Мырзағали Айтжанов.

Сонымен қатар ол бүгінде бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы елордадағы ҚР президент кубогы қарсаңында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқанын жеткізді. Оның пікірінше, бұл жарыс спортшылардың дайындығын көрсетеді.

"Бұл сайыс боксшылардың мүмкіндігі мен кемшілігін көрсетеді. Сондай-ақ, мұнда әлем чемпионатына кім баратыны анықталады", - деп түйіндеді сөзін бас бапкердің кеңесшісі.

Айта кетейік, "Қазақстан президенті кубогы" VII халықаралық турнирі 16-20 шілде аралығында астанада өтеді. Бұл сайысқа Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Сирия, Филиппин, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің боксшылары қатысады. Жекпе-жектер ерлер арасында 8 салмақ дәрежесінде және әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесінде өтеді.

Жарыста бірінші орын алған боксшылар 2000 доллар, екінші орын – 1000 доллар, үшінші орын – 500 доллар көлемінде сыйақы алады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста