Мексикалық Хайме Мунгияның (41-0, 33 КО) промоутері Фернандо Бельтран қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жек бойынша келісімді аяқтауға тырысып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Головкин мен Мунгия сонау 2018 жылы айқасу керек болған, алайда ол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшы мұндай жекпе-жекке әлі тәжірибесіз деп рұқсат бермеген еді.
"Хеймеде DAZN-де жекпе-жек жоспарланған. 10 маусымдағы бокс кешінде Головкинмен кездесу өткізгіміз келеді. Том Леффлермен сөйлестік. Алдағы уақытта келісімшартқа қол қоямыз деп отырмыз. Головкинмен Хайменің карьерасы бастала сала жұдырықтасқымыз келді. Содан бері сәті түспеді. Енді қайтадан тырысып жатырмыз", - дейді промоутер.