Махмұд Сабырханның інісі Төрехан Сабырхан Амманда өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
57 келідегі салмақ финалында қазақстандық боксшы өзбекстандық Фарух Тулагановтан үстем түсті. Екінші раундта Төрехан қарсыласын нокдаунға түсірді, осыдан кейін төреші тіпті жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, Төреханның ағасы Махмұд Сабырханды 2021 жылғы әлем чемпионатынан кейін "Қазақтың Ломаченкосы" атап кеткен. Белградта өткен әлем біріншілігінде ол 54 келіде күміс иеленген болатын.