Марат Жақиев Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін «Астана арландары» клубының бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды «Алаш айнасы» интернет-порталы.
«Алаш айнасының» тілшісіне белгілі болғандай, клуб жетекішлері Марат Жақиевпен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді.
– Бүгінде «Астана арландары» клубының сапында 8 бапкер жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, Сергей Корчинский орнынан кеткен соң, бас бапкердің орны бос тұр. Сол үшін де біз Марат Жақиевпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұйырса, бүгін түстен кейін бұл маманмен бітімге келеміз деген ойдамын, – дейді клубтың бас хатшысы Мақпал Зинашева
Еске салайық, өткен аптада «Астана арландарының» бас бапкері Сергей Корчинский қызметінен кету туралы арыз жазған. Клубтың ресми сайты таратқан мәлімет бойынша WSB сериясының екі дүркін чемпионы, 2013 жылғы бұл топтаманың үздік бапкері өз қалауы бойынша қызметінен кеткен екен.
Ал оған дейін ұжымның президенті Болат Манкенов та өз еркімен қызметінен кеткен еді. Қазір клубтың уақытша директорлық қызметін Серік Қасымов атқарып жүр.
Енді «Астана арландарының» директоры болып бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы кеше «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы қорғаншылық кеңесінің басшысы Дархан Қалетаев айтты. Қазір Серік Сәпиев Ұлыбританияда, спорт менеджері бойынша оқуын аяқтап жатыр. Дархан Қалетаевтың айтуына қарағанда, Серік «Астана арландары» клубын басқаруға келісімін берген. Жыл соңында ол жаңа қызметке кірісетін болады.
Марат Жақиев "Астана арландары" клубының бас бапкері болуы мүмкін
Читайте также
Бақтияр Артаев: Айсұлу Ыбрашова мас болды
Жұлдыздар фабрикасы немесе AIBA қулығы
Азия ойындарында бастан жарақат алған боксшы болған жоқ – AIBA
Геннадий ГОЛОВКИН: Мен не үшін Ресейдің намысын қорғауым керек?
Украиналық Хитров Головкинмен кездесуді көздейді
Қарақозыны былғары қолғап шеберлері еске алды
Последние статьи автора