Белгілі америкалық промоутер Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалық нокаутшы Хайме Мунгиямен айқасуды ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, мұның алдында Головкин IBF титулынан бас тартып, ұйым міндетті қарсылас етіп бекіткен бразилиялық Эскива Фалькаомен жұдырықтаспайтыны белгілі болды.
"Головкин мен Мунгия жекпе-жегін көру керек, кімнің жеңетінін", - деп жазапты промоутер әлеуметтік желіде.