«Канело» жекпе-жектен бас тартқан жағдайда

«Канело» жекпе-жектен бас тартқан жағдайда

WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) жаңа промоутері Эдди Хирннің ұсынысымен Сауль Альварес (52-1-2, 35 KO) трилогиядан бас тартқан жағдайда жүзеге асырылатын нақты іс-қимыл жоспарын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин де, Хирн де «Канеломен» трилогия өткізуге ниетті екені белгілі, алайда екеуі мексикалық боксшының GGG-мен мүлде рингке шыққысы келмейтіндей жағдай орнағанда жүзеге асырылатын «Б» жоспарын әзірлеуді шешті.

Осылайша промоутері Головкинге нақты айқасатын төрт қарсыласты ұсынды.

Қатарында Деметриус Андраде (28-0, 17 КО, орташа салмақтағы WBO чемпионы), Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО, супер орташа салмақтағы WBO чемпионы), Каллум Смит (26-0, 19 КО, супер орташа салмақтағы WBA Super чемпионы) және Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) бар. Олардың үшеуі әлем чемпионы титулдарына ие.

Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде Альварес төрешілердің басым көпшілігінің дауысымен жеңімпаз атанған еді.

ҚазАқпарат
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста