Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) соңғы айқасында қол жарақтымен жұдырықтасқанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Канело" мен Головкин үш рет - 2017, 2018 және 2022 жылдары жекпе-жек өткізді. Біріншісі тең аяқталды, ал кейінгі екеуінде Альварес төрешілер шешімімен басым түсті.
"Қол жарақатыма байланысты толыққанды жаттыға алмадым. Головкинмен жекпе-жекте білегіммен қиындықтар болған. Мен Джон Райдермен жекпе-жекке дейін емделіп жүрдім. Сондықтан ол кезде аса жақсы жұдырықтаса алмадым. Осындай жағдайда адамда жүз пайыздық сенімділік болмайды. Ал қазір міне мен өзіме 100 пайыз сенімдімін. Қолымды лақтыра аламын, бапкерім Эдди Рейносомен жаттықанда ауыр соққылар жасай аламын. Бұл маған жекпе-жекте сенімділік береді", - дейді Альварес PBC Podcast-қа берген сұхбатында.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz