Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы кездесуге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық пен жапониялық арасындағы айқас 9 сәуірде Сайтама қаласындағы Saitama Super аренасында өтеді.
"Головкин-Мурата 9 сәуір Жапонияда. Чемпиондықты біріктерін кездесу. Бұл керемет кездесу болады. GGG әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Ол бүкіл әлем бойынша жұдықтасып, барлық бокс көрерменнің сүйіктісіне айналды", - деп жазды Леффлер Instagram парақшасында.
<iframe class="instagram-media instagram-media-rendered" id="instagram-embed-0" src="https://www.instagram.com/p/CaosldqLI7J/embed/captioned/?cr=1&v=14&wp=540&rd=https%3A%2F%2Fkaz.vesti.kz&rp=%2Fprofi%2Fgolovkinnn-promouter-superchempionmen-aykaska-katyistyi-19976%2F#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A1650.7000000029802%2C%22ls%22%3A1571.8000000044703%2C%22le%22%3A1644.3000000044703%7D" allowtransparency="true" allowfullscreen="true" frameborder="0" height="889" data-instgrm-payload-id="instagram-media-payload-0" scrolling="no" ></iframe>
Айта кетейік, бұған дейін осы айқастың андеркардында жұдырықтастатын алғашқы боксшылар анықталған болатын.