Танымал америкалық инсайдер Дэн Рафаэль Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жегі бойынша келіссөздер туралы жаңа ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.
Бастапқыда Головкин – Муратаның жекпе-жегі 31 желтоқсанда Токиода Tokyo Dome аренасында өтеді деп жоспарланған болатын, алайда бұл жекпе-жек басқа күнге және басқа жерге ауыстырылуы мүмкін.
«Келіссөздер жүріп жатыр, олар шарттарды талқылау сатысында, ал лагерьлер арасында түзету туралы ұсыныстар бар», – делінген дереккөздерде.
Дэн Рафаэльдің мәліметінше, жекпе-жек 28 желтоқсанда Токиодан тыс Сайтамада Saitama Super Arena-да өтуі мүмкін.
Sports.kz.