Қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) IBF желісі бойынша міндетті қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) жекпе-жекке дайындық кезінде басынан өткенін айтып берді, - деп хабарлайды Ringpolska.pl.
Коронавирус пандемиясына қарамастан, польшалық боксшы жаттығуын жалғастырып, шамамен маусымда АҚШ-тың Калифорния штатында өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр екен. Осылайша, жүгіруге шыққан боксшыны полиция ұстап әкетіп, қандай жаза қолдану керегін қарастырған.
"Полицейлерге бұл менің жұмысым екенін түсіндірдім. Маған ұнағандықтан емес, әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекке дайындалып жатқандықтан жүгіріп жүрмін едім. Полицейлер бәрін түсініп, босатты. Бәрі жабық, бірақ, үнемі бір нәрсе жасап, бабымды сақтауға тырысып жүрмін. Әзірге нақты күн бегіленген жоқ, сондықтан күтіп отырмыз", - дейді Шеремета.