Головкиннен кетіп, "Канелоның" промоутеріне қосылған отандық боксшы жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев өзінің отандасы Геннадий Головкиннің командасынан кеткенннен кейін алғашқы жекпе-жегін өткізді. "Канелоның" промоутерлерімен келісімшартқа отырған отандық спортшы Golden Boy атынан дебют жасады деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Филиппиндік Рики Сисмундоға қарсы жекпе-жек Мадиев үшін Golden Boy Promotions құрамына өткелі алғашқы кездесуі болды. Боксшылар АҚШ-тағы Невада штатының Карсон қаласында жұдырықтасқан. Жекпе-жек сегіз раундқа созылды. Оның нәтижесінде Руслан Мадиев төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.
Бұл отандық боксшы үшін кәсіпқой бокстағы 13 жеңісі болып табылады. Бұл жеңісінің арқасында ол қыркүйекте орын алған кәсіпқойдағы алғашқы жеңілісін жапты. Сисмундо болса 14 жеңілісіне тап болды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшының "Канелоның" промоутерлерімен келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатынбыз. Руслан Мадиев Головкиннің командасынан даудан кейін кетіп қалған.