Головкинді «тонаған» төреші жекпе-жектен кейін телефонына қарап, жылап жіберді
Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегінде жұмыс істеген төрешілердің бірі қандай қателік жібергенін ұғына бастаған секілді, деп жазды Sports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Аделаида Берд 118-110 есебімен жеңісті «Канелоға» берген еді. Ал Дэйв Моретти Головкин ұтты (115-113) десе, Дон Трелла жекпе-жек тең өтті деген шешім шығарды – 114-114.
«Берд жұрт не үшін сынап жатқанын ұғынған секілді. Ардагер төреші жекпе-жектен кейін телефонын қарап шығып, жылап жіберді. Әлеуметтік желілердегі журналистердің қарсы пікірін де оқыды», - деп хабарлады Mirror Sport өз дереккөзіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес тең түсті.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу