WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 17 қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) өткізеді, деп хабарлайды allboxing.ru.
Бұл жолы ол IBF тұжырымы бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы 26 жастағы канадалық Давид Лемьемен қолғап түйістіреді. НВО телеарнасы ақылы трансциялар жүйесі арқылы (PPV) тарататын жекпе-жек кештің басты оқиғасы болмақ.
«Жанкүйерлер тамаша кешке куә болады. Қазан айында дайын болыңыздар. Сіздерге үлкен шоу көрсетуге уәде беремін», - деп жазды Головкин өзінің микроблогында.
bnews.kz