Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) 17 қыркүйек күні өтетін кездесуіне қарсыласын қашан анықтайтынын айтты. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.com порталына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионының екі нұсқасы бар. Біріншісі орта салмақта IBF, WBA Super, IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) кездесу, екіншісі жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) реваншқа шығу.
"Менің ойымша, "Канело" Биволмен реваншты таңдайтын сияқты. Альварестің келесі қарсыласы туралы нақты ақпаратты алдағы аптада жариялаймыз. Оның шынымен екі нұсқасы бар. Қазір Сауль бапкерімен ақылдасуда. Жуырда нақты жауап болады", - деді Хирн.
Хирннің айтуынша, Егер "Канело" Головкинді таңдайтын болса, Бивол чемпиондық белбеуін қорғау үшін бір жекпе-жек өткізеді.