Golden Boy промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуы мүмкін екенін мәлімдеді.
«GGG командасымен бокстағы ең мықты айқас - Головкин &mdash Мунгия жекпе-жегін 2021 жылы өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатырмын. Екі боксшы да бұл жекпе-жекке шыққысы келеді», &mdash деді Де ла Хойя.
Оның айтуынша, ұйым жекпе-жекті мамыр айында Мексиканың «Синко де майо» ұлттық мерекесіне орай өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Геннадий Головкин кейінгі жекпе-жегінде Польша боксшысы Камил Шереметаны жеңді.