Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) белгілі бапкер Бадди Макгирттің залына барды. Бұл маман қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (13-0, 8 КО) жаттықтырады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Макгирт әлеуметтік желіде сурет жариялап: "GGG бүгін келіп кетті" деп жазыпты.
Қазіргі таңда Макгирт Жәнібекті канадалық Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы жекпе-жекке дайындап жатыр. 13 мамыр Клифорниядағы "Стоктон-Аренада" өтетін айқаста Әлімханұлы орта салмақта WBO чемпионы атағын екінші рет қорғайды.