Golden Boy "Канелоға" қарсылас болатын боксшылар тізімін жариялады

Golden Boy "Канелоға" қарсылас болатын боксшылар тізімін жариялады

Golden Boy промоутерлік компаниясы Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 KO) келесі кездесуінде қарсылас болуы мүмкін деген боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Boxingnews24.com.

 

Бұл тізімге 36 жастағы Багам аралының боксшысы Туреано Джонсон (21-2-1, 15 KO) мен 29 жастағы ирландиялық Джейсон Куигли (18-1-0, 14 KO) кірген. Бұл екі боксшы да орта салмақта өнер көрсетеді. Екеуі өткен жылы шілдеде кездесіп, Джонсон жеңіске жеткен болатын.

 

Бұған дейін "Канелоның" келесі қарсыласы Сергей Деревянченко (13-2-0, 10 KO), Каллум Смит (27-0-0, 19 KO) және Джон Райдер (28-5-0, 16 KO) болуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.

 

Мексикалық боксшының қарсыласы чемпион болмайды. Өйткені, оның командасының чемпионға беретін ақшасы болмай тұр.

 

"Канело" шаршы алаңға 16 қыркүйек күні оралады. Оның кездесуі Лас-Вегас, Нью-Йорк немесе Техас штаттарының бірінде өтуі мүмкін. Енді тек қарсылас табу керек.

 

kaz.vesti.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста