Геннадий Головкин мен Қанат Исламды шағыстыру кімге тиімді?

Геннадий Головкин мен Қанат Исламды шағыстыру кімге тиімді?

Боксшы Қанат Исламның промоутері – Нельсон Лопес кәсіби рингте тағы бір қазақстандық боксшы – Геннадий Головкинге «біраз қиыншылық көрсете аламыз» деген сөзінен кейін бұқаралық ақпарат құралдары бұл тақырыпты бірден іліп алып кетті. Бірқатар спортшылар мен сарапшылар өз ойларын ортаға салып, Головкин - Ислам жекпе-жегін өткізу мүмкіндігін талқылауға көшті. Алайда халықаралық дәрежеде Қазақстанның намысын қорғап, абыройын көтеріп жүрген екі боксшының бір-біріне қарсы шыққаны орынды ма?
Иә, Лопес мырза: «Қанат Ислам - аса мықты боксшы. Болашақта ол Геннадий Головкинге біраз қиыншылық көрсетуі мүмкін. Мен былай айтар едім: «GGG, дайындал, біз келе жатырмыз!», - деп мәлдімдеме жасағанда, Қанаттың сол жекпе-жекті қалайтынын жеткізген болатын. Алайда біз оны Исламның өз аузынан естіген жоқпыз. Демек, әзірше бұны «PR акция» деуге әбден болады. «Біз бұл жекпе-жекке чемпион ретінде жетуіміз керек», - дейді Лопес. Бүгінде Қанат Исламның қоржынында бір титул бар. Ол –WBA Fedecaride дәрежесі бойынша бірінші орта салмақтағы чемпион.
Ал Геннадий Головкиннің қоржынында үш бірдей дәреженің белбеуі бар. Олар - WBA (Super), IBO и WBC (Interim). Оның рейтингісі жоғары. Оған қоса, кез келген жекпе-жектің қаржылай жағы да ескерілуі шарт. Мәселен, Головкиннің НВО сияқты телеарналармен келісімге отырып, тиісті міндеттемелерді алды. «Аталған телеарна бұл жекпе-жекті көрсетпейді. Себебі одан көп ақша түспейді. Сол себепті Головиннің командасы оған мексикандық немесе американдық қарсыластарын іздейді. Осының нәтижесінде әлем бойынша тікелей эфир көретін жанкүйерлер көбейеді. Осылайша, шоу-индустриясы қалыптасады», - дейді Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының басшысы Виктор Демьяненко. Дегенмен, ол Головкин – Ислам жекпе-жегін көрсем деген ниетін де жасырмайды.
Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов та тыс қалмады. Оның ойынша, Головкиннің тәжірибесі мол. Соның арқасында ол Исламды жеңіп шығады. «Бірақ бір жағынан мен ондай жекпе-жекті өткізуге қарсымын. Себебі екеуі де Қазақстанның намысын қорғап жүр. Олардың салмақ дәрежесі де екітүрлі. Меніңше, екеуінің қатар жүріп, чемпиондық атақтарға жеткені дұрыс. Оларды шағыстырудың қажеті жоқ», - дейді Ыбырайымов.
Шынымен де, халықаралық дәрежеде Қазақстанның намысын қорғап жүрген екі боксшыны шағыстырудан пайда таппаймыз. Олардың екі бөлек бокстасып, еліміздің абыройын асқақтатқаны дұрыс. Қазақстандық жанкүйерлер де екі топқа бөлінгісі келмейді. Ал олардың барлық жазбалары: «Қанат алға! Барша Қазақстан сен үшін жанкүйер болуда. Біз саған тек жарқын жеңістерді ғана тілейміз. 3-4 жылдан кейін Геннадий барлық қарсыластын жеңеді. Ол уақытқа дейін Қанат та суперчемпион дәрежесіне жетеді. Сол кезде екеуінің жекпе-жегін өткізуге болады. Бұл кездесу ғасырдың ең үздік жекпе-жегі болып, тең аяқталсын!», - дегенге саяды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста