Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1. 36 КО) The Ring журналына берген сұқбатында карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
8 сәуір күні Головкин 40 жасқа толады. Ал 9 сәуір күні отандасымыз Сайтама қаласында орта салмақта WBA чемпионы жапониялық Риото Муратаға (16-2, 13 KO) қарсы кездесу өткізеді.
- Сіз бокста бірталай табысқа жеттіңіз. Жалпы орындалмай қалған арманыңыз бар ма?
- Жоқ десем де болады. Мен әлі бокста қала берем. Өйткені, өзімді жақсы сезініп жүрмін. Егер мен өзімді мазасыз сезіне бастасам, карьерамды аяқтаймын. Адамның өзі тойғанымен, көзі тоймайды ғой. Мысалы, сіздердің сұрақтаурыңыз таусылды-ау дегенде тағы біреуі шығып тұрады. Дегенмен мен дер кезінде тоқтай аламын. Менің қолымда бар дүние маған жетеді.